Қазақстан коронавирустық инфекциясының «Омикрон» деп аталатын жаңа штаммына байланысты елге кіруге шектеуді күшейтетінін мәлімдеді.
Үкімет жаңа штамның Қазақстанға таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды жариялады.
Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов 30 қарашада өткен үкімет отырысында 3 желтоқсаннан бастап республикаға ОАР, Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының келуі шектелетінін хабарлады.
Сондай-ақ, «Омикрон» штаммынан туындаған КВИ жұқтыру жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар үшін ПЦР-тестінің (вакцинациясы бар-жоғына қарамастан) міндетті түрде болуы енгізіледі: Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада, Мысыр.
«Омикрон»-нан туындаған КВИ жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге (үй карантинге) оқшаулануы тиіс.
Египетпен әуе қатынасы тоқтатылады.
«Бельгиядан, Египеттен келген адамнан «Омикрон» штамынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қарашада 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Мысырмен әуе қатынасын тоқтатуы мүмкін», — деді Марат Шоранов.
Көптеген мемлекеттер Оңтүстік Африка елінен келгендерге кіруге тыйым салып жатыр. Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса қара құрлық елі мен көршілес мемлекеттерге қарсы қабылданған шектеу шараларын сынға алды. Саясаткердің айтуынша, ол қабылданып жатқан «әділетсіз шешімдерге» қатысты көңілі қатты құлазығанын айтты. Рамафоса шектеу шараларын енгізетіндей ғылыми негіз жоқ екенін және өңір кемсітушіліктің құрбаны болғанын атап өтті.
ДДСҰ-да қабылданып жатқан шектеу шараларына асығыстық танытпауға шақырды. Ұйымның Африка құрлығы бойынша бөлімшесі «Омикрон» көптеген елде анықталғандықтан, Африкаға баруға тыйым салу «жаһандық ынтымақтастыққа нұқсан келтіреді» деп мәлімдеді.
Шектеу шараларын қабылдаған елдер арасында Ұлыбритания, Еуроодақтың бірқатар елі, Құрама Штаттар бар.