Қазақстан картопты шетелге сатуда: елде картоп тапшы

Қазақстанда картоп экспортына байланысты, оның бағасы өсуде. Бұл ретте билік картоптың жетіспеушілігін отандық өнімнен үш есе қымбат шетелдік өнімдерді жеткізу есебінен жабады.

Әкімдіктер халықты қамтамасыз ету үшін ішкі нарықта картопты ұстай алмады, деп атап өтті сауда министрі.

Қазақстандық өндірушілер картоп пен сәбіз экспортының көлемін төмен бағамен сатуда, бұл ішкі нарықтағы тапшылыққа әкеледі және басқа елдерден қымбат көкөністерді импорттауға мәжбүр етеді, деп мәлімдеді сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Үкіметінің отырысында.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, отандық картоп өндірісі ішкі тұтынуды 108%-дан астам қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, картоптың тауарлық өндірісінің көлемі бар болғаны 2 млн тоннаны немесе жалпы түсімнің 47%-тін құрайды. Қалған көлемі тауар айналымында жүйелі түрде қатыспайды. Ол халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі

2020 жылы картоп экспорты рекордтық 360 мың тонна көлемінде рекордқа жеткен. Картоп экспортының үлесі оның тауар өндірісі көлемінің 19%-ын құрады, бұл дүкендер сөрелеріндегі тапшылыққа және маусымаралық кезеңде картопты импорттау қажеттілігіне әкелді. Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып келеді, бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігі де, жергілікті атқарушы органдар да проблеманы жою бойынша тиісті шаралар қабылдамайды. 2020 жылы картоп экспортына тыйым салу арқылы ғана баға тұрақтандырылды, деп атап өтті министр.

Биыл арзан бағамен экспортталған (69 мың тонна) отандық өнім қорының жыл басынан бастап үш есеге (903 мыңнан 330 мың тоннаға дейін) қысқаруына әкелді. Аталған кезеңде Иран мен Пәкістаннан 28 мың тонна қымбат импорттық картоп сатып алынды, бұл отандық картопқа қарағанда үш есе қымбат. Жалпы, төрт айдың ішінде картоп импорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 67 есе өсті, ал импорттық баға жыл басынан бері 47% ға көтерілді.

«Бұл ретте әкімдіктер барлық қажетті тетіктері болса да, халықты қамтамасыз ету үшін ішкі нарықта картоптарды ұстай алмады. Атап айтқанда, субсидиялау кезінде өндірушілерге қарсы міндеттемелер қойылмады. Өңірлік тұрақтандыру қорларына жеткілікті көлемде картоп сатып алынбады, сондай-ақ форвардтық сатып алу және «айналым схемасы» сияқты нарықтық тетіктер толық көлемде пайдаланылмады. Өңірлердегі тұрақтандыру қорларында қазіргі уақытта картоп қоры іс жүзінде жоқ», — деп атап өтті сауда министрі.

Сұлтанов Сауда министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қысқа мерзімде азық-түлік тауарларын өндіру мен тұтынудың болжамды теңгерімін әзірлеу қажет екенін, бұл бағаның өсу тәуекелдерін дер кезінде анықтауға және бағаны тұрақтандыру бойынша алдын алу шараларын уақтылы енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Министр атап өткендей, сәбіз бойынша одан да күрделі жағдай қалыптасқан, отандық өнім қоры жыл басымен салыстырғанда 5,3 есе (211 мың тоннадан 40 мың тоннаға дейін) төмендеді. Бұл ретте жыл сайын Қазақстанда сәбіз өндірісінің қажеттіліктен 5-6% жетіспеушілігі байқалады.

«Негізгі тапшылық сәуірден шілдеге дейінгі кезеңге келеді, оны біз Өзбекстаннан қымбат импорт есебінен жабуға мәжбүрміз. Бұл ретте Өзбекстанның өзінде сәбіздің бағасы жыл басынан бері 55%-дан астамға өсті. Сәбіз бойынша өңірлер де қорлардың жеткілікті көлемін қалыптастырған жоқ — тұрақтандыру қорларында барлығы 258 тонна сақталуда», — деді Бақыт Сұлтанов.

Ол мәселені шешу үшін:

Ауыл шаруашылығы министрлігі — азық-түлік тауарларының өндірісі, импорты, экспорты, қолда бар қорлары мен тұтыну теңгерімінің болжамын ай сайын өзектендіре отырып әзірлесін, бұл бағаның өсуіне ықпал ету факторларына уақтылы талдау жүргізуге мүмкіндік береді;

субсидиялар алған кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруға бағытталған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің нақты қарсы міндеттемелерін енгізуді жеделдету;

әкімдіктерге — форвардтық сатып алуды қаржыландыруды 10 млрд теңгеге дейін және «айналым схемасын» 50 млрд теңгеге дейін жеткізу;

бағаларды тұрақтандыру жөніндегі меморандумдарда көзделген сауда субъектілері міндеттемелерінің орындалуын қатаң бақылауға алу.

Добавить комментарий