Дәрумендерді дұрыс мөлшерде қабылдамау немесе дәрігермен кеңеспей қолдану адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін, деді Оңтүстік Африкадағы Witwatersrand университетінің Фармация және фармакология департаментінің фармакологтары Нилавени Падаячи мен Варша Бангали.
«Дәрумендер дұрыс мөлшерде және дәрігердің нұсқауына сәйкес қабылданса, пайдалы», — деп «Ридус» басылымы мамандардың сөзін келтіреді.
Мысалы, фолий қышқылы ұрықтың жүйке түтігінің проблемалары бар жүкті әйелдер үшін пайдалы болуы мүмкін, ал қызыл ет жеуді шектеген адамдарға В6 дәрумені пайдалы болады.
Сондай-ақ, фармакологтар қандай да бір дәрумендер мен минералдардың жанама әсерлеріне назар аударуға кеңес берді.
Мысалы, А витаминін шамадан тыс қабылдау бауырды зақымдануына әкеп соғады, ал С витамині жоғары дозада бүйректе тастың пайда болуына әкеп соғады
.