Қазақстан Ауғанстан аумағынан америкалық азаматтарды шығару үшін Кабул әуежайына ӘҚК бортын жіберді.
Ел аумағынан өзге елдің өкілдері де шығарылады.
Хабарламада айтылғандай, Қазақстан ӘҚК-ның арнайы борты бейсенбі күні Кабул әуежайына 200 америкалықты, сондай-ақ өзге елдің азаматтарын эвакуациялау үшін келді. Бұл туралы катарлық Al Jazeera телеарнасы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Қазақстаннан шыққан ұшақ бірнеше минут бұрын Кабула әуежайына қонған. Қазіргі уақытта ол жаққа елден кеткісі келетін шет мемлекеттердің азаматтары келіп жатыр.
Сонымен қатар, Кабул әуежайына Катардан кезекті арнайы борт қонды, ол Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізген.
Бұған дейін «Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР-да тыйым салынған) АҚШ-тың эвакуациясы аяқталғаннан кейін Ауғанстанда қалып қойған американдықтар мен үшінші елдердің азаматтарына Кабул әуежайынан чартерлік рейспен ұшып кетуге рұқсат еткен.
Сәрсенбі күні АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен радикалдар елден кеткісі келетін азаматтарды Ауғанстаннан чартерлік әуе рейс арқылы шығармай жатқанын айтты, және Құрама Штаттар бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Өз кезегінде Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ қауіпсіздік саласына төнетін ықтимал қауіптерге байланысты бортта тиісті тексеруден өтпеген америкалық тарапқа белгісіз адамдардың көп болса, Ауғанстаннан шыққан чартерлік рейстерді өз әскери базаларында қабылдамайтынын атап өтті.