Псаки Байден Киевке сапармен бармайтынын мәлімдеді

Джен Псаки Ақ үйдің жоспарында Джозеф Байденнің Киевке сапары жоқ екенін мәлімдеді.

Дженнифер Псаки журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Ақ үй Джозеф Байденнің Украинаға сапарын жоспарлап отырмағанын мәлімдеді.

Ақ үй баспасөз хатшысының айтуынша, АҚШ демалыс күндері $800 млн болатын жаңа пакеттен Украинаға қару-жарақ тиелген төрт ұшақ жөнелтті.

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға сапармен баруды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки дүйсенбі күні өткен брифингте мәлім етті.

«Жоспар өзгерген жоқ…. Президент баруды жоспарлап отырған жоқ», — деді ол. Псаки АҚШ шенеуніктерінің бірі Украинаға сапармен баратын болып жатса, Вашингтон қауіпсіздік тұрғысынан сапарға кім және қашан баратынын жарияламайтынын айтты.

Украинаға әскери көмек

Оның айтуынша, АҚШ демалыс күндері $800 млн болатын жаңа пакеттен Украинаға қару-жарақ тиелген төрт ұшақты жіберді, дүйсенбі күні тағы бір ұшақ келу керек болған.

«Демалыс күндері әскери көмек тиелген төрт ұшақ ұшып шықты. Бүгін тағы бір ұшақ келуі керек», — деді ол. Псаки бұл әскери көмек «АҚШ президенті Джо Байден жариялаған $800 млн пакетінен» берілгенін айтты.

Добавить комментарий