Ертең, 2021 жылғы 30 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман, көктайғақ болады.
«Республиканың басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек ҚР-ның батысы Еуропалық циклон жырасының әчерінен жаңбыр жауып, көктайғақ болады, жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі», — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз шаңды дауыл тұрады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі, Қостанай облысының батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысы Алакөл көлдері ауданында жел 18-23 м/с күшейеді, екпіні 28 м/с болады деп күтілуде.