Ауруханаға тастап кеткен баланың әжесі табылды

Төрт ай бұрын басында баспанасы жоқ ер адам кішкентай баласын Алматы ауруханасына қалдырып, жоғалып кеткен. Ер адамда баланың құжаты болмады. Осы уақыт аралығында балақай медициналық мекемеде болды.

Жамбыл облысында полицейлер екі жасар Тәңірбергеннің әжесін тапты. Бұған дейін Алматы қаласының тәртіп сақшылары баланың туыстары мен жақындарына іздеу жариялаған болатын, деп хабарлайды Almaty телеарнасы.

Еске салайық, терезеге телмірген нәрестенің тағдыры әлеуметтік желілерде жарияланған суреттен кейін резонанс тудырды. Балақай бірнеше ай бойы Алматыдағы екінші қалалық балалар ауруханасында жатқаны анықталды.

Полицейлер Тәңірберген Тілепбаевты 22 қыркүйекте Алматыдағы Саин көшесі мен Райымбек даңғылының қиылысында тапқан. Ол бірден тәртіп сақшыларының назарын түскен: күзгі суықта бала жазғы киіммен жүрген, ал оның жанында әкесі болды, бұл полицейлердің күдігін тудырған.

«Сырт келбеті бойынша оның (әкесінің) тұрғылықты жері жоқ екені түсінікті болды. Алғашқы іс-шаралар барысында ол қалаға Жамбыл облысынан жұмыс іздеп келгені анықталды. Алайда жұмысқа орналаса алмай, кішкентай баласымен көшеде қалған», — деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Ауруханада бала тексерістен өтті. Нәресте медициналық мекемеде жатқан уақытында баланың 36 жастағы әкесі құжаттарды дайындап, баспана табуға уәде берген. Алайда балақай Тониді алып кетуге әлі келмеді.

Заңгер Рүстем Балтабаевтың айтуынша, баланың әкесі екі рет келіп нәрестені балалар үйіне өткізбеуін өтініп, құжаттарын сатып әкелемін деп уәде берген. Әкесінің сөзінше, баланың анасы бөбекті тастап кеткен.

Балалар ауруханасының қызметкерлері баланың тілі шыға бастағанын айтты. Оның дені сау, тамақты жақсы ішеді.

Полиция бастығының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, 1 ақпанда баланың құжаттары қалпына келтірілді.

Жамбыл облысының полициясы телеарнаға сәбидің әжесі табылғанын хабарлады. Ол Мерке ауылының 58 жастағы тұрғыны болып шықты.

Енді баланың әрі қарайғы тағдырын қамқоршылық органдары шешеді.

Добавить комментарий