Ертең Қазақстанда ауа райы нашарлайды деп күтілуде. Республиканың бес облысында дауылды ескерту жарияланды.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз облыстың шығысынан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Түркістан облысының солтүстік аудандарында күндіз батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қызылорда облысының орталығында күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс, солтүстік, күндіз солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең Көкшетауда тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз Алматы облысының шығысында және таулы аудандарында жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.