Қазақстандағы 16 қазанға арналған ауа райы

Синоптиктердің болжамына сәйкес, бүгін, 16 қазан, жұма күні Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз күн жылы болады деп күтілуде.

Бұрынғысынша кең антициклонның әсерінен Қазақстанның барлық аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, солтүстік-шығыста және шығыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі.

Күндіз Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысында түнде Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп күтіледі.

Алматы, Жамбыл облыстарында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2 градусқа дейін, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 4-6 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Ақтауда күн ашық, жауын-шашынсыз 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Атырауда күн ашық, жауын-шашынсыз, 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 21-23 градус жылы болады.

Қарағандыда күн ашық, жауын-шашынсыз, 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Көкшетауда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Қостанайда күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 4-6 градус, күндіз 19-21 градус жылы болады.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8 градус, күндіз 22-24 градус жылы болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 18-20 градус жылы болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 24-26 градус жылы болады.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 20-22 градус жылы болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Добавить комментарий