Қазақстан бойынша ертең, 2022 жылғы 30 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда 2022 жылғы 30 қарашада төрт облыста дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 2022 жылғы 30 қарашада қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз облыс орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.

30 қарашада Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. қ.

Шымкентте тұман, көктайғақ күтіледі.

Түркістан тұман, көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с, Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 30 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республиканың басым бөлігі бұрынғысынша салқын солтүстік антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ашық және аязды ауа райы сақталады.

Добавить комментарий