Қазақстан бойынша ертең, 2022 жылғы 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ертең еліміздің көптеген қалаларында жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, атмосфералық фронталдық бөлімктердің өтуімен ел аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр мен қар жауады деп күтіледі.

Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын соғады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады. Күндіз аздаған қар жауады. Батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12… -14°С, күндіз -7… -9°С.

Алматыда күн бұлтты, түнде қар, тұман, көктайғақ болады. Жел 2-7 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -8… -10°С, күндіз 0… +2°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түннің бірінші жартысында қар жауады. Түнде және таңертең кей уақытта тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -5… -7°С, күндіз + 5… +7°С.

Добавить комментарий