Қазақстанның 11 облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер 2023 жылғы 11 наурыз, сенбі күні ауа райы қандай болатынын жариялады.
«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, 11 наурызда Ақмола облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі».
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, 11 наурызда облыстың батысында, шығысында екпіні 17-22 м/с, 12 наурызда облыстың шығысында, таулы аудандарда екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың басым бөлігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік жартысында жолдарда көктайғақ сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысынның жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы күтіледі.
11 наурызда Абай облысының күндіз оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында 15-20, Жарма ауданында екпіні 25 м/с. Ауа температурасы күндіз 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, солүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың онтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.