Ертең еліміздің көптеген өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ертең еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.
15 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 15 қыркүйекте шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.
15 қыркүйек Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 15 қыркүйек күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.
Күндіз 15 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Оралда 15 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18 м/с.
15 қыркүйекте түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында топырақ бетінде 3 градус үсік сақаталады. Қарағандыда 15 қыркүйекте түнде топырак бетінде 3 градус үсік сақталады.
15 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада: 15 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, екпіні 19 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
15 қыркүйекте түнде Ұлытау облысының солтүстігінде және шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік сақаталады.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
Күндіз 16 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 14, тәулік бойы 15 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с күтіледі. 14-16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 14 қыркүйекте екпіні 15-20 м/с күтіледі. 14-16 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
15 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда 15 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
15 қыркүйекте түнде Абай облысының солтүстігінде тұман, топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде күші 15-20 м/с. Семейде 15 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстік-шығысында, шығысында қатты, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Өскеменде 15 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
15 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 2 градус үсік күтіледі.
15 қыркүйекте түнде батысында, оңтүстігінде Павлодар облысының 3 градус үсік күтіледі. Павлодарда 15 қыркүйекте түнде топырақ бетіндегі үсік 3 градус күтіледі.
15 қыркүйекте Жетісу облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Талдықорғанда күндіз 15 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с.
15 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.