Синоптиктер 2022 жылғы 10 қарашанда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.
Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, көктайғақ болады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2 градус аяз болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 9-11 жылы болады.
Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2 градус жылы.
Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 1-6 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз, күндіз 4-6 жылы болады.
Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 2 градус жылы.
Қарағандыда күн бұлтты, қар жауады, желдің күші 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын соғады, жолдарда көктайғақ болады.
Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, желдің күші 6-11 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус, күндіз 2 градус жылы болады. Облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы болады.
Қостанайда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2 жылы. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын соғады.
Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус аяз, күндіз 5-7 жылы болады.
Павлодарда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 2 жылға дейін. Облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Петропавлда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градусқа дейін аяз, күндіз 2 градусқа дейін жылы болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің күші 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 2 градус жылы. Облыстың солтүстігі мен батысында көктайғақ болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 4-6 градус жылы болады.