Қазақстан бойынша 9 маусымға арналған ауа райы болжамы

9 маусым, сейсенбі күні Қазақстанда көшпелі бұлт шығады, еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында ғана жауын-шашынды болады, Батыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады.

Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, оңтүстікте солтүстік-шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Солтүстік және орталық облыстарда түнде +14… +17 °С болады, күндіз ауа температурасы +25… +30°С болады.

Еліміздің батысында ауа температурасы түнде +16… +22°С, күндіз термометр бағанасы +25… +34°С көрсетеді.

Еліміздің шығыс бөлігінде түнде +13°С, күндіз + 23.+ 25°С шамасында болады.

Республиканың оңтүстігінде түнде +17… +20°С, күндіз + 26… + 31 ° С дейін ысиды.

Добавить комментарий