Чернобыль АЭС апат салдарымен күресуге 30 мыңнан астам қазақстандық қатысты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/04/speech-52967-1682515649-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Осыдан 37 жыл бұрын орын алған Чернобыль АЭС апатының салдарын жоюға 30 мыңнан астам қазақстандық қатысты. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Чернобыль трагедиясы миллиондаған адамның өміріне әсер еткенін, ал жоғары радиациялық аймақ тек КСРО-ға ғана емес Польшада, Германияда, Австрияда, Румынияда және басқа елдерде тіркелгенін атап өтті. КСРО-ның еуропалық бөлігіне таралған радиоактивті бұлт тіпті АҚШ, Канада және Жапонияға дейін жетті. Апат салдарымен күреске 30 мыңнан аса қазақстандық қатысты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының Вячеславка ауылында орналасқан химиялық қорғау полкінің бөлімшелері дабыл бойынша көтеріліп, толық құрамда апат орнына жіберілді. Сонымен қатар, сол кезеңде басқа одақтас республикаларда қызмет еткен қазақстандықтар да апаттың салдарын жоюға жұмылдырылды.

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом станциясында ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік апат орын алды. Апат жарылыс сипатында болды, реактордың белсенді аймағы толығымен қирады, ал қоршаған ортаға көптеген радиоактивті заттар шығарылды.

Добавить комментарий