Қазақстанның барлық дерлік аумағында, 2023 жылғы 7 наурызда сейсенбі күні дауылды ескерту жарияланды, оның ішінде Астана, Қарағанды, Көкшетау қалалары бар.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді.
Қарағандыда жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.
Көкшетауда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23 м/с жетеді.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында жел солтүстік-батыстан соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с. Қонаевта оңтүстік-шығыс желі, екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында түнде және таңертең солтүстікте, таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан, таулы аудандардан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Таразда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз 25 м/с жетеді.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың орталығында 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында екпіні 25 м/с күтіледі. Қызылордада күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстіктен соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жауын-шашышн (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде көктайқақ күтіледі. Күндіз облыстың шығысында жаяу бұрқасын болады. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, облыстың оңтүстігінде, орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Ақтөбеде түнде көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады күші, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында қатты қар. Облыстың солтүстік жартысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде көктайғақ, тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың басым бөлігінде 15-20, күндіз облыстың шығысында екпіні 23 м/с. Қостанайда таңертең және күндіз қар, кей жерлерде қатты қар, жаяу бұрқасын. Түнде тұман. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавлда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында 15-20, екпіні 25 м/с. Семейде 07 наурызда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жолдарда көктайғақ.