Қазақстан бойынша 2023 жылғы 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде түнде үсік жүреді, еліміздің солтүстігінде көктайғақ және жаяу бұрқасын сақталып отыр.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең көктайғақ болады, тұман түседі, жел 3-8 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -3… -5 ° C, күндіз + 2 ° C дейін.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -1… -3 ° C, күндіз + 10… + 12 ° C.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы + 1… + 3 ° C, күндіз + 17… + 19 ° C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 8… + 10 ° C, күндіз + 18… + 20 ° C болады. Батыста, оңтүстікте, облыс орталығында шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 2 ° C, күндіз + 14… + 16 ° C болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 6… + 8 ° C, күндіз + 16… + 18 ° C болады.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 4… + 6 ° C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4… -6 ° C, күндіз + 5… + 7 ° C болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 8… + 10 ° C болады. Облыс бойынша түнде үсік жүреді.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы -2 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады.

Қызылордада жауын-шашынсыз, 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы + 2… + 4 ° C, күндіз + 17… + 19 ° C. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде үсік түседі.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -7… -9 ° C, күндіз + 1… + 3 ° C болады. Облыстың оңтүстік жартысында түнде және таңертең жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5… -7 ° C, күндіз + 5… + 7 ° C болады.

Семейде күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз + 2… + 4 ° C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -3… -5 ° C, күндіз + 11… + 13 ° C болады. Түнде облыстың басым бөлігінде үсік жүреді.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 жыдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1… -3 ° C, күндіз + 12… + 14 ° C болады. Түнде облыстың басым бөлігінде үсік жүреді.

Түркістанда жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы + 1… + 3 ° C, күндіз + 18… + 20 ° C.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде + 1… + 3 ° C, күндіз + 14… + 16 ° C болады.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 5-10 жылдамдықпен соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -2… -4 ° C, күндіз + 2… + 4 ° C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ болады.

Добавить комментарий