ҚМДБ туды қорлауды құрметсіздік деп атады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Қазақстанның мемлекеттік туын қорлаған шетелдіктердің әрекетіне қатысты пікір білдіре отырып, олардың әрекетін қатаң айыптады.

«Отан» сөзі — кез келген азамат үшін қымбат ұғым болса, әр адамның өзге елден ерекшелеп тұратын Әнұраны, Елтаңбасы мен Туы да – құрметке лайық құндылықтар. Туымыз көтеріліп, әнұранымыз шырқалғанда орнымыздан тұрып, құрмет көрсетуіміз – шариғатта құпталған іс.

Туға, әнұранға, елтаңбаға құрмет көрсету – өз еліміз бен жерімізге, рәміздерге құрмет көрсету.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жағажайда жалаңаш күйде туымызға құрметсіздік жасаған шетел азаматтарының өрескел әрекетін қатаң айыптайды, — деп атап өтті дін өкілдері. Алла Тағала көк туымыздың әрдайым көкте желбіреп тұруын, мемлекеттік рәміздеріміздің абыройын асқақтатып, халқымыздың бірлік пен берекеде өмір сүруін нәсіп еткей. Әмин!».

Добавить комментарий