Қазақстан бойынша 2022 жылғы 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында үсік жүреді деп күтілуде.

16-18 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Синоптиктер еліміз бойынша ауа температурасы айтарлықтай төмендейді деп болжап отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

16 тамызда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасына қарай температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2°с-қа дейін үсік күтіледі.

17 және 18 тамызда еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінің ауа райы жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел күтіледі.

Жалпы республика бойынша ауа температурасының төмендеуі күтілуде:

батыста түнде + 15+28°С, күндіз +30+40°С;

солтүстік-батыста түнде +3+12°С, күндіз +15+25°С;

солтүстікте түнде +2+7°С дейін, күндіз +12+17°с дейін;

орталықта түнде +3+12°с дейін, күндіз +13+23°С дейін;

шығыста түнде +2+11 °С дейін, күндіз +12+20°С дейін;

елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10 + 18°С;

таулы аудандарда + 3+8°С болжанады.

Добавить комментарий