Қазақстан бойынша 2022 жылғы 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда 2022 жылғы 24 қарашада еліміздің шығысында ауа температурасы төмендейді деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Астанада көшпелі бұлт шығады, қар жауады, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус аяз, күндіз 7-9 градус аяз болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2-4 градус, күндіз 9-11 жылы болады.

Шымкентте күн бұлтты, жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 17-19 градус жылы болады.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 10-12 градус жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градус жылы.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 5-7 жылы болады.

Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 3-5 жылы болады.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус аяз, күндіз 1-3 градус аяз болады.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, қар жауады, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус аяз, күндіз 6-8 градус аяз.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 жылдамдықпен соғады, екпіні 14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2 градус, күндіз 7-9 жылы.

Қостанайда күн бұлтты, қар жауады, жел 9-14 жылдамдықпен соғады, екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 4-6 градус аяз болады.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы болады.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 17-19 градус аяз, күндіз 9-11 градус аяз болады.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз болады.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 4-6 жылы болады.

 

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 14-16 жылы болады.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.

 

Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің күші 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде және күндіз 2 градус жылы.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус аяз, күндіз 11-13 градус аяз болады.

Добавить комментарий