World Population Review сайтында жарияланған деректерге сәйкес, Қазақстанда бір жыл ішінде бақыт деңгей төмендеді. 2023 жылмен салыстырғанда ел рейтингте бес саты төменге жайғасты.
Рейтингте елдердегі бақыт деңгейін жан басына шаққандағы ЖІӨ, әлеуметтік қолдау сапасы, салауатты өмір сүру ұзақтығы, сыбайлас жемқорлық, таңдау еркіндік, жомарттық және мейірімділікке қатысты алты негізгі критерий бойынша бағалайды.
2024 жылы Қазақстан 6,19 балмен рейтингте 49-шы орынға жайғасты, орташа көрсеткіші. Бақыт деңгейі бойынша еліміз 47-орында тұрған Өзбекстанға жол берді. Дегенмен, қазақстандықтар Қытай (60-орын), Ресей (72-орын), Қырғызстан және Түрікменстан секілді көршілес елдердің алдында тұр.
Финляндия жетінші жыл қатарынан әлемнің ең бақытты елі болып отыр. Үздік ондыққа Дания, Исландия, Швеция, Израиль, Нидерланды, Норвегия, Люксембург, Швейцария және Австралия кірді.
Айта кету керек, 2022 жылы Қазақстан бақытты елдер рейтингінде 40-шы, ал 2023 жылы 44-ші орында болған.