Қазақстан Парламенті «Бәйтерек» кешенін құру туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.
Сенат (парламенттің жоғарғы палатасы) бейсенбі күні 2004 жылғы 22 желтоқсандағыҚазақстан мен Ресей арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы үкіметаралық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Отырыстың трансляциясы парламенттің сайтында көрсетілді.
Хаттамаға 2020 жылы қазанда Мәскеуде қол қойылды. «Хаттаманы ратификациялаудың мақсаты — қаржылық міндеттемелер бойынша келісімнің негізгі шарттарын түзету және өзектендіру болып табылады .«Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамы бюджеттік кредитті оның жарғылық капиталына айырбастау арқылы кредиттік міндеттемелерден босатылады және «Бәйтерек» мемлекетаралық жобасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік алады», — делінген Сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысында.
Байқоңырдың жерүсті инфрақұрылымы Қазақстанға беріледі
Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің түсіндіруінше, айырбастау рәсімінің нәтижесінде Қазақстан тарапының бірлескен кәсіпорынға қатысу үлесі 99%-ға дейін ұлғаяды. «Бұдан басқа, құжатқа Ресей тарапының 2036 жылға дейін «Союз-5» зымыран-тасығыштарын ұшыру кешенін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері енгізілген», — деп атап өтті Мусин.
Парламент хаттаманы ратификациялағаннан кейін «Бәйтерек» кешенін құру туралы келісім Қазақстан Президентіне қол қоюға жіберіледі
2018 жылы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасында 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Байқоңырда «Бәйтерек» кешенін құру туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. згерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Ол құжат «Зенит-М» кешенінің жерүсті ғарыш инфрақұрылымы нысандарын жалға алудан босатуды және модернизация жүргізу үшін қазақстандық тарапқа беруді, жоба бойынша тараптардың міндеттерін анықтайды.
Қазақстан «Зенит-М» ҒЗК жаңғырту арқылы жерүсті инфрақұрылымын құруға жауапты. Ресей ұшырылатын «Союз-5» және «Союз-6» зымыран тасығыштарын дайындайды. Алғашқы ұшу 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Кешен «Назарбаев старты» деп аталады.