Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан азаматтарына мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша салық рақымшылығы аяқталғанын мәлімдеді.
Жеке тұлғалар үшін өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылығы Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес жүргізілді.
Есептен шығарудың басты шарты салық бойынша негізгі борыш сомасын төлеу болып табылады.
Мемлекеттік кірістер комитетімен өсімпұлдарды есептен шығару бойынша акция қорытындысы бойынша 1 млн.астам азаматтың 2 млрд. теңге қарызын есептен шығарды.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы салық рақымшылығын пайдаланғандардың саны бойынша нәтижелер 2019 жылғы өткен салық рақымшылығының нәтижелерінен асып түскен (2020 жылы 1,1 млн азамат, 2019 жылы 755,7 мың азамат немесе 300,0 мың адамға көп).