Қазақстанда АҚШ доллары аздап арзандады

Бүгін, 2021 жылғы 6 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 435,85 теңгеге дейін төмендеді.

Жұмадан бастап доллар 0,45 теңгеге арзандап, бір айда 7,05 теңгеге қымбаттады. Қазақстанның айырбастау пункттерінде долларды 438-438,5 теңгеден сатып алады, 439-439,5 теңгеден сатады.

KASE-дегі рубль бағамы 5,93 теңгеге дейін (0,0003 теңгеге) көтерілді.

6 желтоқсанда ICE биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 71,69 доллар болды.

Ұлттық банктің хабарлауынша, EIA бағалауы бойынша, мұнайға әлемдік сұраныс 2022 жылдың ортасына дейін күшті болып қалады. Мұнай ұсынысы барынша қалыпты қарқынмен өсетін болады. Нарықта мұнай тапшылығы басым болмақ. 2022 жылдың екінші жартысынан бастап ОПЕК+ тарапынан қысқартулар көлемінің төмендеуіне және ОПЕК-тен тыс елдердің мұнай өндіруінің артуына байланысты мұнай ұсынысының өсуі сұраныстың өсуінен аса бастайды.

Дегенмен, халықаралық ұйымдардың бағалауы бойынша, жалпы алғанда, мұнай нарығы оң серпінмен сипатталады. Бұл негізінен әлемдік экономиканың ковидтан кейінгі қайта қалпына келуіне қарай өсу қарқынының қалыпқа келуіне байланысты болады. Сауд Арабиясы Азия мен АҚШ-қа 2022 жылғы қаңтардағы мұнай жеткізудің сату бағасын көтерді, бұл коронавирустың жаңа штаммының таралуына қарамастан, әлемдегі ең ірі мұнай өндірушісінің мұнай нарығындағы сұраныстың жоғары болуына сенімдігін білдіреді.

Добавить комментарий