Қазақстан «Қазтехнология» компаниясы арқылы Түркияға оқ-дәрілерді елден жеткізбегенін мәлімдеді. Индустрия министрлігі 2018 және 2019 жылдары Индустрия министрлігі Moston компаниясына Түркияға оқ-дәрілерді экспорттауға лицензия алудан екі рет рұқсат бермегенін атап өтті.
Қазақстан мәлімдемесі
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі шетелдік Moston Engineering LTD (бұдан әрі — Moston) компаниясының Түркия Республикасына қару-жарақ пен оқ-дәрі экспортына қатысты сұраныстарды қарап, келесіні хабарлайды. «Қазтехнология» АҚ компаниясы (компанияның негізгі қызметі — патрондар өндіру, оқ-дәрілерді кәдеге жарату, жарылғыш материалдарды сақтау — ред.) Түрік Республикасына қару-жарақ пен оқ-дәрілерді жеткізуді жүзеге асырған жоқ», — деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Ведомство «2018 және 2019 жылдары индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Moston компаниясына Түрік Республикасына оқ-дәрілерді экспорттауға лицензия алудан екі рет рұұқсат бермегенін» мәлімдеді.
Арменияда қазақстандық оқ-дәріге қатысты жанжал туындап жатыр
2019 жылдың 1 наурызынан бастап осы уақытқа дейін Mosston компаниясымен ынтымақтастық жүргізілмеді, деп сендірді министрлікте.
Қазақстанда ол халықаралық заңнама негізінде әскери қақтығыстардың өршуіне алып келетін қару-жарақтың жеткізілуінің тәуекелдерін теңестіруге мүмкіндік беретін экспорттық бақылау жүйесі жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетейік! Бұған дейін армяндық Moston Engineering компаниясы Түркияға қазақстандық оқ-дәрілерді сатты деп күдікке ілінді- бұл туралы Telegram-арналар жазды.
Армения қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қару-жарақ сатылғаны туралы қауесет «ашық бұрмалау және өтірік».
Moston Engineering басшысы Давид Галстян оның компаниясы 2014 жылдың сәуір айында Қазақстаннан 200 миллион түрлі калибрлі патрондар сатып алғанын мәлімдеді. Осы оқ-дәрілерді сатып алу туралы құжаттың негізінде біреулер олардың Түркияға бара жатқаны туралы болжам жасады. Оқ-дәрі бірқатар мемлекеттерге сатылды, бірақ Түркияға сату туралы мәліметтер — «ашық бұрмалау және өтірік», — деді Галстян.