АҚШ Мамайдың ұсталғанына алаңдаушылық білдірді

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі Жанболат Мамайдың ұсталуына қатысты алаңдаушылық білдірді.

«АҚШ елшілігі Жанболат Мамайдың әрі қарай қамауда ұсталынуына алаңдаулы. Сөз бостандығын құрметтеу және бейбіт жиналыстарға рұқсат беру іс жүзінде демократияның негізі болып табылады. Біз Қазақстан Үкіметін барлық азаматтарға бейбіт түрде өз пікірлері мен мәселелерін білдіруге, қамауға алынып, немесе қуғын-сүргінге ұшырап қалу сияқты қорқыныш сезімі туындамайтындай, мүмкіндік беруге шақырамыз.», — деп мәлімдеді америкалық дипломаттар сейсенбі күні.

Еске сала кетейік, Жанболат Мамайды 12 наурызда әкімшілік қамауда ұсталғаннан кейін босатуы керек еді, алайда оны босатпады.

Ол билік өкілін қорлады және жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны анықталды.

Жәбірленушілердің бірі Алматы полициясының қызметкерлері.

Мамайдың жақтастары қылмыстық істің саяси астары бар деп санайды, олар Алматы полиция департаменті ғимаратының алдында жиналып аштық жариялады.

14 наурызда кешке сот Мамайды екі айға қамауға алды.

Добавить комментарий