Қазақстан билігі Анталиядағы консулдықты қайта құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
«Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының консулдығы Анталия қаласындағы (Түркия Республикасы) Қазақстан Республикасының бас консулдығы ретінде қайта құрылсын», — делінген Қазақстан президенті Қасым-ЖомартаТоқаев жарлығының жобасында.
Әзірлеушілердің айтуынша, жоба Қазақстанның Анталиядағы консулдығы мәртебесін көтеруді көздейді.
«Жобаны қабылдау консулдық қызметті кеңейтуге, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласындағы жұмысты жүйелі негізде құруға (қазақстандық экспортты ілгерілету, инвестициялар тарту және бірлескен кәсіпорындар құру), ақпараттық-имидждік және талдамалық құрамдас бөліктерді күшейтуге, сондай-ақ Түркиядағы көптеген қазақ диаспорасымен қажетті жұмысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — делінген түсіндірме жазбада.