Кеше Алматыда Арон Атабек қайтыс болды

Кеше, 2021 жылғы 24 қарашада Алматыда Арон Атабек ұзаққа созылған дерттен кейін қайтыс болды.

Алматыда ұзаққа созылған дерттен кейін ақын диссидент Арон Атабек өмірден өтті.

Хабарланғандай, ол бір ай бойы жансақтау палатасында болған.

Естеріңізге сала кетейік! Арон Атабек 2021 жылдың 1 қазанында сырқатына байланысты 16 жылдан кейін түрмеден босатылды.

Оның қайтыс болғанын құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина естіртті.

Қазан айының ортасында Арон Атабек Алматыдағы жеке меншік клиникалардың біріне жатқызылды. Бір айдан астам уақыт бойы жансақтау бөлімінде жатқан.

«Жүрегі тоқтап қалды», — деп жазды Төреғожина әлеуметтік желіде парақшасында.

Добавить комментарий