Қазақстан: 24 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ертең батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауады.

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: күндіз солтүстікте 17-28 градусқа дейін, орталықта — 20-35 градусқа дейін, солтүстік-батыста — 25-40 градусқа дейін аптап ыстық болады.

24 маусым, бейсенбі күні Қазақстанның барлық аумағы бойынша қандай ауа райы күтілетіні «Қазгидромет» РМК сайтында жарияланды.

Нұр-Сұлтанда жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде жаңбыр жауады, ауа температурасы 6-8 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 0-5, екпіні 10 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 14-16 градус, күндіз 27-29 ыстық болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 16-18 градус, күндіз 33-35 жылы болады.

Ақтауда жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 33-35 жылы болады.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 33-34 ыстық болады.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 23-25 градус, күндіз 39 градусқа дейін аптап ыстық болады.

Қарағандыда жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Көкшетауда жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 7-9 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 23-25 градус жылы юолады.

Қызылордада найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 32-34 ыстық болады.

Павлодарда найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 15-17 градус жылы болады.

Петропавлда найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 8-10 градус, күндіз 14-16 градус жылы болады.

Талдықорғанда жаңбыр жауады, найзағай кезінде жел жылдамдығы — 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус, күндіз 29-31 жылы болады.

Өскеменде жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде жаңбыр жауады, ауа температурасы 8-10 градус, күндіз 16-18 градус жылы болады.

Добавить комментарий