Үш күдікті цифрлық активтерді заңсыз айырбастады деп айыпталуда

Үш қазақстандық «Астана» халықаралық қаржы орталығынан тыс алаңдағы ABS Change крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласында заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін айыпталды.

Binance платформасындағы криптоәмиянның жалпы айналымы шамамен $34 млн құрады.

Құқық қорғау қызметкерлері айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттарын, ақшалай қаражатты және $342 мың және шамамен $23 мың сомасындағы криптоактивтерді тәркіледі. Тергеу амалдары жалғасуда.

Добавить комментарий