Еліміздің солтүстік бөлігінде ертең, 2022 жылғы 22 ақпанда қар жауады деп күтілуде.
Еліміздің батыс өңірлерінде көктайғақ болады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Қазақстан өңірлеріндегі ауа райы
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, күндіз шығысында, оңтүстік-батысында көктайғақ, тұман және қатты жел соғады.
Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу боран соғады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман басады, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде және тау бөктері аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен батысында көктайғақ болады.
Түркістан, Маңғыстау облыстарының солтүстігінде тұман басады.
Қазақстанның шығысына аяз келеді
Мегаполистердегі ауа райы
Нұр-Сұлтанда қар жауады деп болжанып отыр. Күндіз — 2-4 градус, түнде — 8-10 градус.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз 7-9 градус, түнде -1-3 градус.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, күндіз 17-19 градус, түнде 2-4 градус.