Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасы: өзара түсіністіктегі қиындықтар

Қазақстан мен Ресейді ортақ мүдделері, көпғасырлық тарих пен сын-қатерлер байланыстырады. Мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі қайшылықтардың бірі Ресей мен Қазақстанның заманауи халықаралық қатынастардың жай-күйін бағалауға және идеологияға деген көзқарасы әртүрлі.

Қазақстанда билік басындағылар халықты тығыз топтастырып, біріктіріп, ұлттық сана-сезімді қайта жаңғыртпақ. Осыған байланысты латын әліпбиіне көшу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр соның барысында тілдік реформа жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, ҚР үкіметі ана тілін дәріптеу үшін әртүрлі шара қабылдауда, қоғамдық санада қазақ тілінде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастырып, бекітіп, маңдайшаларға, жарнамалық плакаттарға, көрсеткіштерге міндетті трде орыс тілінде жазылуын алып тастауды көздейтін заң жобасын қарайды.

Фото: Ресей Қазақстанда ксенофобия бар екенін бірнеше рет мәлімдеді

Қазақстан билігі түрлі салада ана тілімізді насихаттау және дәріптеуді көздейтін бағытты ұстанады. Әртүрлі тілдік бағдарламаларға бюджеттен қомақты инвестиция салынып, оларға жеңілдіктер беруде, бұл қазақ тілінің мәртебесін арттыруы тиіс.

Қазақстан үкіметінің мұндай қадамы бірінші кезекте қазақ халқының ұлттық бірегейлігін анықтауға және сол арқылы елді дүниежзілік ұйымдарға жақындатуға негізделген. Әрине, оған қомақты қаражат кетеді, не дегенмен бұл ұлтты қалыптастырудағы қажетті шара.

Ұлтты қалыптастыруда маңызды болып табылатын тағы бір аспект — өткен тарих пен тарихи мұра мәселесі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды тарихын түгендеуге шақырады. Егемендік жылдарында ұлттық тарихты түсіндіру бірнеше рет пікірталастарға айналды.

Солтүстіктегі көршілес ел Қазақстанның әрекеттерінен ксенофобия белгілері байқалатынын айтады.

Фото: Ресей Қазақстанда ксенофобия бар екенін бірнеше рет мәлімдеді

«Қазақстан халқы солтүстіктегі көршісінің «наразылығына» қарамастан дұрыс жолда келе жатқанын түсінуі керек. ҚР-да өткен халық санағының қорытындысы қазақстандықтардың сенімін арттыруы керек. Деректерге сәйкес, этникалық құрамдағы қазақтардың үлесі 70,18%-ға жетті. Психологиялық деңгейден 70%-ға асып өту «сана-сезімді өзгертуге түрткі болуы керек», — дейді батыстық саясаттанушылар.

Добавить комментарий