Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня
               Қазақстан және Алматының басты жаңалықтары
  • Құпиялылық саясаты
  • oqu.news компаниясы туралы

Последние новости Казахстана и Алматы – свежие на сегодня

  • Маңызды
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Экономика
  • Қоғам
  • Саясат
  • Пікірлер
  • Арнайы жобалар
  • COVID-19
RU

Алматы облысы: Қонаевқа ескерткіш орнатылды

16 мая 08:32 / Опубликовано в Маңызды

Қазақстанда Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне ескерткіш орнатылды. Ескерткіш демеуші есебінен тұрғызылды.

Алматы облысы Бақанас ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды. Ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, депутаттар, зиялы қауым өкілдері, аудан жұртшылығы қатысты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Халқымыздың біртуар перзенті, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 110 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығымен Қапшағай қаласына Қонаевтың есімі берілді. Бүгін, міне, қазақтың аяулы перзентіне үлкен құрмет көрсетіліп, еңселі ескерткіш орнатылды. Ірі тұлғалардың ерен еңбектерін үлгі етіп, ұлыларды ұлықтау – басты парызымыз. Дінмұхамед Қонаевтың бойындағы ұлтжандылық жастарға жұғысты болсын! Қазақтың дара тұлғасының ескерткіші құтты болсын», — деген Қанат Бозымбаев ескерткіш авторлары мен Халықаралық «Дінмұхамед Қонаев қорына» алғыс айтты.

Дінмұхамед Ахметұлының ұрпағы Эльдар Асқарұлы Қонаев бұл күнді тарихи күн деп бағалап, Димаш ақсақал үшін ата-бабасының туған жері Бақанастың, ондағы жұртшылығының жөні мен жолы әрқашан ерекше болғанын атап өтіп, халықтың ниеті мен пейіліне әулеттері атынан ризашылық білдірді.

Жалпы ескерткіш күрті гранитінен жасалған. Тұғырының биіктігі — 2 м, мүсінінің биіктігі — 3,30 м, ескерткіштің тұтастай алғанда – 5,30 м.

Мүсіннің авторы – Алтай Бейсенов, сәулетшісі – Бекзат Бейсенова. Ескерткіш демеушілер есебінен тұрғызылды.

Поделиться ссылкой:

  • Twitter
  • Facebook

Понравилось это:

Нравится Загрузка...

Похожее

  • Tweet
Tagged under: Дінмұхамед Қонаев, ескерткіш, орнатылды

Читать ещё

Сегодня утром в Казахстане стартовали выборы в Сенат
Комик әкім лауазымына ұсынылды
Тоқаев Қазақстандағы байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайтуды тапсырды

Добавить комментарий Отменить ответ

соңғы жаңалықтар

  • Ресей мен НАТО-ның текетіресі: саясаттанушылардың пікірі

    Ресей президенті Владимир Путин мен басқа да ре...
  • Синоптиктер 2022 жылғы 5 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады

    Қазақстандық синоптиктер 2022 жылғы 5 маусымда ...
  • Финляндия мен РФ шекарасында НАТО базасын құру ұсынылды

    Ресеймен шекарада орналасқан Финляндияның Лаппе...
  • Австрия Украинаның интернет-инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі

    Австрия билігі Украинаның интернет-инфрақұрылым...
  • Қандастар ең көп қоныстанған өңірлер

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министр...

соңғы жаңалықтар

    [email protected] tel:+7 747 341 6619

    Байзакова 280, Алматы 050000

    • Маңызды
    • Әлем
    • Оқиғалар
    • Экономика
    • Қоғам
    • Саясат
    • Пікірлер
    • Арнайы жобалар
    • COVID-19
    • Құпиялылық саясаты
    • oqu.news компаниясы туралы
    Вверх
    %d такие блоггеры, как: