Синоптиктер Қазақстан бойынша 2022 жылғы 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын айтты.
Қазақстанның батысында, шығысында, солтүстігінде — қар жауады, солтүстік-батысында — боран соғады, шығысында — қатты жел соғады. Қазақстанның қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, Қазақстанның оңтүстік-батысында көктайғақ болады, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, күндіз батысында, солтүстігінде көктайғақ болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу боран соғады, облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде, Жамбыл облысының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында, солтүстігінде, Қызылорда қаласының орталығында, солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Ақтөбе облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.
Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік бағытта 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -19… -21 °С, күндіз -11… -13 °С болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз . Жел 0-5 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде -5… -7 °С, күндіз 0… + 2 °С болады.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -2… -4 °С, күндіз + 8… + 10 ° Сболады.