Қазгидромет синоптиктері ертең бейсенбі, 11 қарашада ауа райының қандай болатынын айтты.
Атап айтқанда, республиканың басым бөлігінде ауа райын бұрынғысынша циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен жауын-шашынды болады, солтүстікте жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
Еліміздің шығысы, орталығы, оңтүстігі жоғары қысымды өрістің ықпалында болады, онымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, солтүстік аудандарда — жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, батыста, солтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аудандарында тұман түседі, — деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында көктайғақ, күндіз облыстың батысында жаяу бұрқасын, түнде оңтүстік-шығыста, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, күндіз облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, солтүстік, солтүстік-батысында 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жфлдамдықпен жел соғады.
Алматы облысының Алакөл көлдері ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында жел 15-23 м/с күшейеді деп күтілуде.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы және оңтүстік аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының шығысында түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау облысының шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді деп күтілуде. Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен шығысында жел 15-20, түнде екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ болады.