«Қазгидрометорталығы» бүгін, 2021 жылғы 19 қаңтар күні Қазақстанда қандай ауа райы болатыны туралы айтты.
Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен елдің басым бөлігінде қар, оңтүстікте, оңтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батысында көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстік-шығысында өте қатты жел күтіледі.
Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 18-23 м/с, күндіз екпіні 30 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады деп күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с, Шығыс Қазақстан облысында таңертең және күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында — жаяу бұрқасын, Атырау, күндіз Қызылорда облысында көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы: күндіз 2°С, бұлтты болады.
Нұр-Сұлтандағы ауа райы болжамы: күндіз -15°С, бұлтты болады.