Сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, бүгін, 2021 жылғы 9 тамызда сегіз облыста дауылды ескерту жарияланды

«9 тамыз күні Нұр-Сұлтанда күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді», — делінген жексенбі күні дауылды ескерту жарияланған хабарламада.

Алматыда дүйсенбі күні күн күркірейді. Батыстан секундына 15 метр жылдамдықпен жел соғады.

«9 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай соғады. Күндіз облыстың шығысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. 9 тамыз күні Көкшетауда күн күркірейді», — делінген хабарламада.

Дүйсенбі күні Атырау облысының кей жерлерінде шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Атырауда 9 тамыз күні күндіз +37 +39 градусқа дейін ыстық болады.

«9 тамыз күні Алматы облысында күн күркірейді. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 18-23 метр жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 9 тамызда күндіз күн күркірейді. Батыстан соққан жел секундына 18 метр жылдамдықпен соғады», — деп хабарлады гидрометеорологтар.

Дүйсенбі күні Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде +37 градусқа дейін аптап ыстық болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан, күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

«9 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел жылдамдықпен соғады. Петропавлда 9 тамызда күн күркірейді. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді», — деп толықтырды «Қазгидромет» өкілдері.

«9 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жел соғады. Қызылорда облысында дүйсенбі күні солтүстік, солтүстік-шығыстан күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, секундына 15-20 метр жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 9 тамызда күндіз, Қызылордада солтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді деп күтілуде.

«9 тамызда күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 9 тамызда Павлодарда найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады», — деп ескертті синоптиктер.

Дүйсенбі күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.

Добавить комментарий