Қазақстан 16 елмен әуе қатынасы жандандырады

Қазақстан 16 елмен халықаралық әуе қатынасын қалпына келтірді.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК) әлемнің 16 елімен әуе қатынасын жандандыру туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

Комиссия отырысы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті.

16 елмен (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдива, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан) әуе қатынасын жандандыру және ұлғайту туралы шешім қабылданды, — делінген хабарламада.

Добавить комментарий