
Қазақстанның оңтүстік-батысында 2 қаңтарда наразылық шаралары күшейіп, кейін ол басқа үлкен қалаларда болды. Республика азаматтарының наразылығына үкіметтің сұйытылған газ бағасын көтеру туралы шешімі себеп болды.
Наразылық білдірушілер бірнеш талап қойды, оның ішінде газ бағасын төмендету, халықтың әл-ауқатын жақсарту, үкіметтің отставкасы және т.б. бар.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың айтқанын істеп, бірнеше талаптарын орындады. Мәселен, еліміздегі жекелеген аудандарда газ бағасы арзандағаны жарияланды, сондай-ақ президент жанармай бағасын уақытша реттеуді тапсырды. Артынша Тоқаев 5 қаңтарда ел үкіметінің отставкаға кетуі туралы жарлыққа қол қойды. Республикада бұл күндер өте күрделі және шиеленісті өтті.
Соңғы кездері Ресей-Қазақстан қарым-қатынасында түсініспеушіліктер мен келіспеушіліктер көбейгені байқалады. 2020 жылдың соңында кейбір ресейлік саясаткерлер Солтүстік Қазақстан Ресейдің аумағы деп мәлімдеген болатын.
Ресейлік БАҚ пен РФ саяси қайраткерлері бірнеше рет Қазақстанда ксенофобия бар және орыс тіліне қысым жасалуда деген мәселені көтерді.
«Жаңа тарихта Ресей мен Қазақстан халқы ұлтаралық үйлесімділікті нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Өкінішке қарай, кейінгі кезде Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтіндерге қатысты бірқатар резонансты ксенофобия көрінісіне куә болдық. Көп жағдайда жекелеген жағдайлар шет аймақтағы ұлтшылдық пен Ресеймен қарым-қатынасты қолдамауға бағытталған арнайы ақпараттық әдіс-тәсілдің нәтижесі», — деп атап өтті Ресей СІМ басшысы «Российская газета» газетінде жарияланған мақалада.
Мәскеудің ҚР-ға қатысты ресми ұстанымы өзгеріссіз қалды — РФ бауырлас Қазақстанмен мықты тең құқылы одақтастық қарым-қатынас орнатуды қалайды.
«Ресей тең құқылы қарым-қатынасты мүлдем басқаша түсінетін сияқты. Ресейлік кейбір элита өкілдері Қазақстанды «кіші інісі» ретінде қабылдап, өз көзқарасын өзгерткісі келмейді. Мұны жоғарыда аталған митингілерге байланысты орын алған жағдай көрсетті. Республикада шерулер күшейіп, шиеленісті жағдай ушыққанда РФ Мемлекеттік Дума депутаттарының бірі қайтадан Орталық Азия елінің аумақтық тұтастығы туралы сөз қозғады. Осылайша Сұлтан Хамзаев елді РФ-ға қосуды ұсынды», — деп жазады батыстық саясаттанушылар.
«Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ресейге қайта қосылу мүмкіндігі талқылануда. Бұл менің саяси көзқарасым мен лауазымыма қарамастан, Ресей Федерациясының азаматы ретіндегі ұстанымым. Қазақстанда елдің тарихи Отаны — Ресейтуралыге қосылу жөнінде референдум өткізуді қолдаймын», — деп жазды дағыстандық депутат.
Батыстың саясаттанушылары Сұлтан Хамзаевтың мәлімдемесіне қатысты осылай деп пікір білдірді: «Ресей билігінің өкілдері көршілес елге қатысты құрметсіздігін кезекті рет көрсетіп, халықтың көзінше ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың беделіне нұқсан келтірді. ҚР қиын күндерді бастан өткеріп отырғанда, ресейлік тарап үнсіз қалудың орнына көршілес елдің аумақтық тұтастығы туралы мәселені тағы да көтергені халықтың шамына тиеді. Соңғы рет аталған мәселе көтерілгенде есарапшыла, саясаткерлер мен қарапайым қазақстандықтардың наразылығын тудырды». Олар мұндай мәлімдемлер Ресей мен Қазақстан арасындағы сенімсіздік деңгейін арттырады деп отыр.