Қазақстан 12 жылдық оқытуды енгізіп, латын әліпбиіне көшуде

Білім министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесі енгізіліп, бағдарламаны латын әліпбиіне көшірілетіні айтты.

Бұл туралы ҚР Білім министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында айтты және оқушылардың 12 жылдық білім беруге және латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшу мерзімін мәлімдеді.

«Орта білім беруді дамыту мақсатында латын графикасын енгізе отырып, 2023 жылдан бастап 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарлануда», — деп мәлімдеді ҚР БҒМ басшысы.

Оның айтуынша, бұл үшін министрлік ауқымды жұмыстар атқаруы қажет.

Айта кету керек, таныстырылымға сәйкес, орта білімге латын графикасын енгізу 2023 жылдан басталады.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының соңында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізген болатын.

Сол кезде жетілдірілген әліпби қазақ тілінің 28 дыбысын толық қамтитын латын әліпбиінің базалық жүйесінің 31 таңбасынан құралғаны белгілі болды.

Добавить комментарий