Қазақстанда жылу энергетикасы туралы заң талаптарын бұзғандарға айыппұл салынатын болады

Қазақстанда жылу энергетикасы саласында заңды бұзғандарға айыппұлды қарастыратын норма енгізу жоспарлануда.

Энергетика министрлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жылу энергетикасы туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Заң жобасы халықтың өмірі мен денсаулығына, азаматтардың мүлкіне қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ қоршаған ортаға теріс зардаптар келтіретін, халықтың едәуір бөлігінің тыныс-тіршілігін бұзатын технологиялық және өзге де талаптарды сақтамағаны үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған.

Тұжырымдама жобасы 27 қазанға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.

Добавить комментарий