Австрия Украинаға қосымша қолдау көрсету үшін 10 млн еуро беруге дайын екенін хабарлады.
Бұл туралы елдің Қаржы министрі Магнус Бруннер Еуропа қайта құру және даму банкінің басшысы Одил Рено-Бассомен әңгімелесу барысында мәлімдеді, деп жазады DW басылымы.
Олардың кездесуі Біріккен Ұлттар Ұйымының Мысырдағы климаттық конференциясында өтті. Бруннердің айтуынша, Австрия осылайша Украина халқына қолдау білдіріп, Еуропада тұрақтылық орнатуға өз үлесін қосты.
Бұған дейін Австрия 1 қарашадан бастап елдегі Украина азаматтары үшін қоғамдық көлікте жүру ережесін өзгерткені хабарланған.
Атап айтқанда, 1 қарашадан бастап Украина азаматтары үшін Венада қоғамдық көлік арқылы жүру ақылы болады.