Ұлыбритания қорғаныс министрі Украинадағы соғыс салдарынан Ресейде 220 мыңнан астам адам қаза тапты және жарақат алғанын мәлімдеді.
Соңғы уақытта Украинадағы кең ауқымды соғысқа тартылған Ресей әскерлері ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке жетпегенін, керісінше орасан зор шығынға ұшырауда, деп мәлімдеді Ұлыбритания қорғаныс министрі Бен Уоллес. Оның айтуынша, АҚШ-тың соңғы мәліметтері бойынша қаза тапқандар саны 220 мыңнан асады.
Ақпан айында британдық барлау қызметі Ресейдің және «Вагнер» жеке әскери компаниясының шығындары туралы хабарлаған болатын, 175 мыңнан 200 мыңға дейін адам болды, оның ішінде 40 мыңнан 60 мыңға дейін адам қаза тапқан. Өз кезегінде Солтүстік Атлантика Альянсы Украинадағы соғыс қимылдары барысында Ресей күштерінің күнделікті шығынын 1500 адамға дейін бағалаған.
Ұлыбритания қорғаныс министрі ұсынған Украинадағы соғыста Ресейдің шығындары туралы жаңа деректер Ресейдің бұл қақтығыста айтарлықтай зардап шеккенін көрсетеді.