Аустралияда америкалық бомбалаушыларға арналған база салынады

2026 жылға қарай Аустралия аумағында америкалық B-52 бомбалаушыларын орналастыру үшін әскери база салынады.

Онда ядролық қаруды тасымалдайтын алты әскери ұшақты орналастырса болады.

Бұл туралы дүйсенбі күні ABC хабар тарату корпорациясы хабарлады.

Оның мәліметі бойынша, жаңа әскери нысан Дарвиннен оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым қашықтықта орналасқан аустралиялық Тиндал әуе күштері базасының жанында салынады. Онда «B-52 эскадрильясын жедел басқару орталығы, ұшақтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету инфрақұрылымы, ұшу алаңы мен тұрақ» пайда болады деп жоспарлануда. Кейіннен базада «АҚШ әуе күштерінің алты бомбалаушысы» орналастырылады. «Аустралияның солтүстігінде материктік Қытайға шабуыл жасауға қабілетті әскери ұшақтар Бейжіңге Тайваньға қатысты кез келген дұшпандық әрекеттер жасалған жағдайда, салдары ауыз толтырып айтарлықтай болатынын көрсетеді», — деп жазады ABC Жаңа американдық қауіпсіздік орталығының өкілі (Centre for New American Security) Бекка Вассердің сөзін келтіріп.

Әскери нысандағы негізгі құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін авиабазаның қажеттіліктері үшін автономды отын резервуарлары мен оқ-дәрілерді сақтауға арналған бункер салынады.

Добавить комментарий