Аeстралия Ресейге қарсы жаңа санкциялар салды

Аустралия билігі Ресей Мемлекеттік думаcының 75 депутатына, сондай-ақ өздерін мемлекет ретінде жариялаған Луганск және Донецк халық республикаларының министрлеріне қарсы санкциялар салғанын мәлімдеді.

Ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьев санкцияға ұшырады.

Аустралия үкіметі Мемлекеттік дума депутаттарына, ЛХР және ДХР министрлеріне, сондай-ақ ресейлік журналист және тележүргізуші Владимир Соловьевке қарсы санкция салды. Бұл туралы Аустралия ІІМ сәрсенбі күні таратқан мәлімдемесінде хабарланды.

Ведомство хабарламасында Аустралия Үкіметі Мемлекеттік Думаның 75 депутатына, Донецк Халық Республикасының 20 министріне және Луганск Халық Республикасының 12 министрлеріне қатысты дербес санкция салғаны көрсетілген. Бұдан бөлек, ресейлік тележурналист Владимир Соловьев санкциялық тізімге енді.

Қазіргі таңда Аустралия 700-ден астам Ресей және Беларусь азаматтарына, соның ішінде қос елдің президенттері Владимир Путин мен Александр Лукашенкоға, сондай-ақ министрлерге қарсы санкция салды. Бірқатар ірі ресейлік кәсіпорындар мен ұйымдарға қарсы қару мен жинақтауыштарды, мұнай мен газ өндіруге арналған шикізат пен жабдықтарды экспорттауға, сондай-ақ ресейлік энергия тасымалдаушыларды, қару мен жинақтауыштарды импорттауға тыйым салуды қамтитын экономикалық шектеулер жарияланды.

Добавить комментарий