Аустралия: Google-ға қатысты монополияға қарсы тергеу басталды

Аустралияның бәсекелестік пен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (ACCC) Google-ға қатысты монополияға қарсы тергеуді бастады. Реттеуші алдын ала белгіленген Google бағдарламалық қамтамасыз ету опцияларының елдегі іздеу интернет-сервистер нарығындағы бәсекелестікке қалай әсер ететінін тексереді.

ACCC атап өткендей, елге жеткізілетін барлық компьютерлерде, планшеттер мен смартфондарда Google Chrome және Apple Safari браузерлері орнатылған құрылғылардың 95 пайызында Google іздеу құралы болып табылады. Комиссияның мәлімдемесінде сондай-ақ жетекші іздеу сервисіне ие болу Google-ға «Австралияның цифрлық нарығында елеулі нарықтық билік» беретіні айтылған.

«Біз қандай да бір параметрлерді орнату тұтынушылардың оны өзгертпеу мүмкіндігін едәуір арттыратынын білеміз. Бұл бәсекелестіктің төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін және тұтынушылардың аталған қызметтерді ұсыну кезінде таңдау мүмкіндігінен айырады», — деді ACCC төрағасы Род Симс.

Әдепкі баптаулар мен алдын ала белгіленген бағдарламалық қамтамасыз ету тұтынушылардың таңдауға және бәсекелестікке әсері туралы баяндама 2021 жылғы 30 қыркүйекте Австралияның бас қазынашысына ұсынылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Аустралия билігі Google мен Facebook-қа жаңалықтар контенті үшін төлем жасауға міндеттейтін заң қабылдады. Ел билігі реформа елдің ұлттық мүдделерін қорғауға бағытталғанын және түпнұсқа контент үшін төлем алынатын тұрақты медиаиндустрия құратынын мәлімдеді.

Заң қабылданғанға дейін Google Аустралиядағы интернет-іздеу қызметінің өшірілуі мүмкін екенін ескертті. Facebook өз кезегінде Аустралияда жаңалықтардың таралуын шектеп, аустралиялықтардың жаңалықтарға сілтеме жасауға тыйым салатынын мәлімдеді. Алайда америкалық корпорациялар Аустралияның жетекші медиа холдингтерімен бірқатар келісімдер жасасты.

Добавить комментарий