Ауруханалар қазақстандық ӨЖЖ аппараттарын қабылдаудан бас тартуда

Қазақстандық өкпені жасанды желдету аппараттарын өндірушілер ауруханаларға толық жабдықталмаған күйінде жіберді. Мәселе туралы депутаттар сөз қозғады. Белгілі болғандай, мемлекеттік бюджет есебінен сатып алынған аппараттардың жартысына жуығы пайдалануға жарамсыз, деп мәлімдеді Қазақстан парламенті сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев.

«Бүгін біз мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауына байланысты, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы шығындарды қаржыландыру бойынша жұмысты жалғастырудамыз. Ағымдағы жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілері анықталды. Осылайша, үкімет резервінің қаражаты есебінен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық өндірушілерден 1 500 бірлік аппаратты сатып алған кезде, 17 өңірдің денсаулық сақтау ұйымдары іс жүзінде тек 831-ін ғана қабылдады», — деді депутат сенаттың жалпы отырысында.

Коронавирустың екінші толқынының қаупі: барлығына ӨЖЖ аппараттар жете ма

Оның айтуынша, қалған 669 ӨЖЖ аппаратың қабылданбауына толық жабдықталмағаны себеп болды.

«Мысалы, Жамбыл облысы бойынша қолдануға жоспарланған 53 аппараттың бірде-бір пайдалануға мүмкін емес, Түркістан облысы бойынша да осындай жағдай — 58 аппараттың барлығы толық жабдықталмаған болып шықты», — деп қосты Қылышбаев.

Жедел және пәрменді шаралар қажет болған жағдайда мұндай фактілерге жол берілмеу керек, деп мәлімдеді сенатор.

Осыған байланысты депутаттар тиісті мемлекеттік органдарға қаражатты сапалы және уақытылы пайдалану үшін шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Добавить комментарий