Ауғанстанның Хост және Пактика провинцияларында болған жер сілкінісі салдарынан 250-ден астам адам қаза тапты
Ауғанстанның шығыс бөлігінде Хост және Пактика провинцияларында болған жер сілкінісінен255 адам қаза тапты, кемінде 150 адам жарақат алды. Бұл туралы Al Jazeera телеарнасы Ауғанстан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
«Пактика провинциясындағы Бармала, Зирук, Нака және Гаян аудандарында болған жер сілкінісінен кем дегенде 255 адам қаза тауып, тағы 155 адам жарақат алды», — делінген жергілікті БАҚ-тың жариялаған хабарламасында. Жарақат алған жүздеген адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, келтірілген залалды есептеу жүргізілуде.
Еуро-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы Ауғанстанда болған жер сілкінісі Пәкістан мен Үндістаннан 500 шақырымнан астам қашықтықта сезілгенін хабарлады.
Бұған дейін Түркияның Анталья қаласында магнитудасы 4,1 жер сілкінісі болғаны белгілі болды. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 05:05-те тіркелді. Сонымен қатар, жер сілкінісінің ошағы 14,2 шақырым тереңдікте орналасқан. Қаза тапқандар мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.