Атырау қаласында облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметіне қарасты № 14 жаңа өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.
Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы төтенше жағдайларды жоюда Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттырады. Жаңа бөлім қаладағы және оның маңындағы өрттерді сөндірумен белсенді айналысатын болады, сондай-ақ Каспий теңізі жағалауындағы және басқа да аудандардағы қамыс өрттерін қоса алғанда, түрлі төтенше жағдайларды жоюға қатысады.
№ 14 өрт сөндіру бөлімі қаланың батыс бөлігін, соның ішінде Жұлдыз, Ақсай, Талғайран және Қайыршақты ауылдық округтерінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болады.
Өрт сөндіру бөлімі заманауи құрал – жабдықтармен, техникалармен жабдықталған, бұл оларға қойылған міндетті тиімді орындауға мүмкіндік береді. Осы жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы өңірдегі төтенше жағдайларға ден қою және өрт қауіпсіздігі жүйесін жақсартудағы маңызды қадам болмақ.